20.05.2016, 11:31
Оқылды: 9

Қаратөбе ауданында ҰБТ сынағына орай сынама тест өткізілуде

????????????????????????????????????

  Бүгін Қаратөбе ауданында орналасқан №147 пунктінде ҰБТ-ге қатысушы түлектер үшін сынама тест жұмысы басталды.

    Мектеп бітіруші түлектердің білім бәсекесіне дайындығын пысықтау, оларға психологиялық қолдау көрсету мақсатында аудан әкімі Асхат Шахаров түлектермен кездесті.


    - Білім сапасының басты көрсеткіші – ҰТБ. Алдарыңызда үлкен белес тұр. Осы бір белестен жақсы нәтижемен шығатындарыңызға біз сенеміз. Ұлағатты ұстаздарыңыз арқылы бойға жинақтаған білімдеріңіз сіздерді өмірдің жаңа белесіне жетелей берсін! Болашақтарыңыз нұрлы болсын! - деді.

   Одан соң аудан басшысы А.Шахаров білім ордасының акт залында мектеп директорларымен жиын өткізіп, ҰБТ сынағына байланысты түрлі сауалдардың жауабын іздеді.

   Аудан әкімі Асхат Берлешұлының сөзіне сүйенсек, өткен оқу жылында ҰБТ сынағы қорытындысында облыс бойынша Аққозы, Соналы, Б.Қаратаев атындағы ОЖББМ-і түлектерінің білім сапасы төмен көрсеткіш көрсеткен.

    Жалпы алғанда, ауданға жоғары білімді, білікті математика пәні мұғалімдерін тарту, кадр сапасын жақсарта түсу, жоғары оқу орындарымен байланысты нығайта түсу мәселесін аудан әкімінің орынбасары Сатқан Өмірзақовқа тапсырды.

    - Биылғы жылғы өткізілгелі отырған ҰБТ сынағына аудан мектептерін бітіруші 181 түлек болса, оның 134-і білім бәсекесіне қатысуға өтініш білдірген. Олар №1, №3 аудиторияларда жұмыстанбақ, - дейді аудандық білім беру бөлімі басшысының міндетін атқарушы Есенгүл Рабаева.

www.zhaikpress.kz

Ертай БИМҰХАНОВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале