12.10.2015, 11:00
Оқылды: 27

Қараөзенде жеке үй құрылысы қарқын алуда

Kaztalovka karaozende tyrgin yi kobeiude   Соңғы жылы Қазталов ауданында жеке үй құрылысын салу жұмыстары қарқын алуда. Соның бірі Қараөзен ауылында биылдың өзінде үш үйдің құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.

Тұрғындардың жеке үй құрылысын көру мақсатында Қараөзен ауылдық округінде болған едік. Бұл ауылда жеке тұрғын үй салып алған, салып жатырған ауыл тұрғындарын көресің. Сырттай көріп құрылыс жұмысының қарқынмен танысу мақсатында құрылыс нысандарын аралап өз көзімізбен көріп шықтық. Алдымен Жеңіс көшесінде коттедж көзге алыстан мен-мұнадалап тұр. Бұл коттедждің иесі Нұрбек Мұханбетқалиев екен. Ата-анасы ұлының бөлек баспанасы болсын деп осы жерден үй салуды жоспарлапты. Былтырғы жылы іргетасын тұрғызып, биыл керамзит блоктан үйдің құрылыс жұмыстарын бастап кеткен.

-Құрылыс жұмыстарын үш адам атқаруда. Басы-қасында Бекболат Ибаршев, Жәнібек Жәрдемов, Ниетқабыл Қажиақбаров секілді құрылысшы жігіттер еңбек етуде. Құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде. Алла бұйырса келер жылы қоныс тойын жоспарлап отырмыз-дейді жаңа үйдің қожайыны Нұрбек бауырымыз. Ал Нұрбектің әкесі Назер ағамыздың айтуынша келер жылы екінші ұлына да үй құрылысын салуды жоспарлапты.

Ал Қараөзен көшесіндегі «Жайлау» шаруа қожалығының жетекшісі Мүтиғолла Темірхановта ауласынан жаңа үйдің құрылысын бастапты. Керамзит блоктан салынып жатқан үйдің шатырын жабу, ішкі жұмыстар атқарылуда. Ауыл шетіндегі Құлақ елді мекеніндегі сол үйдің құрылысы биыл аяқталған көрінеді. Мұны осы мекен-жайдың иесі «Тарас» шаруа қожалығының жетекшісі Горький Мұқасов екенін білдік. Былтырғы жылы басталған үйдің құрылысы биыл аяқталып, алдағы күндері қоныс тойын тойламақ.

www.zhaikpress.kz

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ

Қараөзен ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале