2.10.2015, 11:05
Оқылды: 24

Қарияларды құттықтады

Janibek karttardi kyttiktadi   «Нұр Отан» партиясы Жәнібек аудандық филиалының төрағасы Мұрат Мұқаевтың ұйымдастыруымен «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасының шеңберінде 1-қазан-Қариялар күніне орай бүгін аудандық партия төрағасының бірінші орынбасары Асхат Молдағалиев және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Аманкелді Уәлиев қадірменді қариялар Мүбина Хамзина мен Болат Закариннің үйлеріне арнайы барып, мерекемен құттықтады. Жәнібек ауылының тұрғыны, бүгінде жасы 92-ге келген Мүбина апай кезінде ұзақ жылдар сауда саласында қызмет атқарған. Ал,73 жастағы Болат аға саналы өмірін жас жеткіншектерге сапалы білім, саналы тәрбие беруге жұмсаған. Ол қазірде қоғамдық жұмыстан тыс қалмай медиаторлық қызметті абыройлы атқаруда. Өздерін шын жүректен құттықтап, кәде сыйын табыстаған лауазым иелеріне қос қария алғыстарын білдірді.

www.zhaikpress.kz 

                                                                                          Н.Өтей

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале