2.10.2015, 12:07
Оқылды: 24

Қарияларға арналған концерт

TAskala karttar kyni   Қазан айының бірінші күні «Тасқала ауданының қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік» мекемесінде «Мейірімділік күндері» қайырымдылық акциясы аясында  «Бөбек» балабақшасының бүлдіршіндері мен аудандық мәдениет үйі қызметкерлерінің дәстүрлі концерті өтті.

Шараға аудан әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиева, ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Жұбанышев, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Ғазез, аудандық соттың судьясы Н.Самарханова мен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысының м.а Р.Бермұханов қатысып, сөз сөйлеп, мерекелерімен құттықтады. Ауданымыздың жеке кәсіпкері А.Меңешева өз атынан қарияларға сыйлықтар таратты. Бүлдіршіндер мен аудан өнерпаздары ән айтып, би билеп, мереке иелеріне тамаша көңіл-күй сыйлады. Шара соңында ата-әжелер ризашылықтарын білдіріп, баталарын берді. Сонымен қатар концерттен кейін қарттар үйінің тәрбиеленушілеріне мерекелік дастархан жайылды.

www.zhaikpress.kz

М.Әжіғалиев

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале