3.10.2016, 12:11
Оқылды: 29

Қарияларға қамқорлық

Exif_JPEG_420

  «Нұр Отан» партиясы және Қазақстан халқы Ассамблеясының біріккен іс-шаралар жоспарына сәйкес, жер-жердегідей, Ақжайық ауданында да қарияларды әлеуметтік қолдау мақсатында «25 қайырымды іс» акциясы өткізілуде.


  Барлық ауылдық округте партияның бастауыш ұйымдарының, ауыл жастарының ұйымдастыруымен «Ардагерлерді ардақтайық!» партиялық жобасы аясында Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, көмекке мұқтаж тыл еңбеккерлеріне және жалғызілікті қарияларға тегін медициналық-әлеуметтік көмек, үй шаруасына қолғабыс көрсетілуде.

  Айталық, Көнеккеткен ауылында «Ажар» дүкенінің иесі Үміт Есболатова азық-түлік өнімдерін қарияларға жеңілдетілген бағамен ұсынды. Нұротандықтар ауылдағы тоқсанға таяған тыл еңбеккері София Өтепбергенованың жастармен «Әлемнің әміршісі – еңбек» тақырыбына әңгімесін ұйымдастырды. «Күміс алқа» иегері Салтанат Есенғалиева әженің үй шаруашылығына қолғабыс көрсетіліп, ол тегін дәрі-дәрмекпен қамтылды.

  Базаршоланда тыл ардагері Кеңес Ермұратов, І топ мүгедегі Жәлел Самарханов, Қабыршақтыда еңбек ардагерлері Мақпал Исқалиева, Сұңғат Өтеғалиев, Базартөбеде жалғызілікті ана Сара Бақтыгерееваға ауыл жастары көмек қолын созды. Тайпақтағы жалғызбасты қариялар Зоя Ушенина, Балзия Тұрайысова әжелердің де үй шаруашылығына көмек көрсетілді.

   «Мен жалғызбасты қариямын. Арнайы жүк көлігін ұйымдастырып, ауладағы және үйдің артқы жағындағы күл-қоқысты шығарды. Қарияларға деген қамқорлықтарына ризамын»,- деген жаңабұлақтық ақсақал Құлшет Шохаев қайырымды істердің басы-қасында жүргендерге алғысын жаудырды.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале