29.10.2015, 12:04
Оқылды: 20

Қариясын қадірлеген ел азбайды

 

жанакала"Нұр Отан" партиясы Жаңақала аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Лавр Рашидұлы Хайретдинов әр түрлі салада қызмет еткен еңбек ардагерлерімен жүздесті. 

"Нұр Отан" партиясы ғимаратының залында өткен кездесу барысында сөз алған аудан басшысы Лавр Рашидұлы қарияларға қош келдің айта келіп, дендеріне саулық, отбасыларынға амандық тіледі.

Ардагерлер арасынан Төлеуғали Мерғалиев шын көңілден қуанышын жеткізіп, сыйлап-елеп жатырғандарға дән риза болып,  ұйымдастырушыларға алғысын білдірсе, ардагер ұстаз Сисенов Сатан аудан орталығынан қоғам және мемлекет қайраткері Сейітқали Меңдешевке ескерткіш орнатуды сұрады. Сондай-ақ барлық ардагерлер сөз алып, өңірдің тыныс-тіршілігін, жетістіктері мен кемшіліктерін және маңызды деген мәселелерді қозғап, ойларын ортаға салды.

Шай үстінде Е.Сатыбаевтың баянмен сүйемелдеуімен әнші Қ.Айдарбеков «Қариялар» әнін шырқаса, аудан өнерпаздары күйден шашу шашты.

Игі шара соңында аудан әкімі Лавр Хайретдинов барлық ардагерлерге аудандық «Жаңарған өңір» газетін 6 айға жаздырған түбіртекті табыстап, тараптардың сын-пікірін ескеріп қорытындыласа, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсот Шапихов салт-дәстүрімізге сай қылып бата берді.

www.zhaikpress.kz

Алтынбек Ермекқалиев

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале