9.06.2016, 16:23
Оқылды: 15

Қауіпсіздікті күшейтуді тапсырды

 Taskala kauipsizdik    Тасқала ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында Ақтөбеде орын алған қанды оқиғаға байланысты аудан әкімі С.Әлиевтің төрағалығымен кезектен тыс кеңейтілген жиын өтті. Жиынға  мекеме, дербес бөлім басшылары және құқық қорғау органдары қатысты.


    Басқосу барысында Ақтөбе қаласында орын алған оқиғаның салдары және терроризм қаупінің алдын алу жұмыстары мен террористік қауіптілік деңгейін анықтау және терроризм актісі қатерінің туындауы жайында сөз болды. ҚР ҰҚКД БҚО бойынша Зеленов аудандық бөлімінің жедел өкілі Т.Искаков терроризмнің алдын алуы жөнінде айтып өтіп, кез-келген жағдайға қазірден бастап сақадай сай болу керектігін жеткізді. Бұдан соң аудан әкімі Санжар Жұматайұлы аудан тұрғындарының қауіпсіздігі қазіргі таңда басты мәселе екенін, сондай-ақ халық көп шоғырланатын нысандарында күзетті күшейту керектігіне де тоқталды. Сонымен қатар аудан басшысы құқық қорғау органдарына қырағы болуларын және ауданда қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды.

www.zhaikpress.kz
ТАСҚАЛА АУДАНЫ
Е.ЕЛЕКЕНОВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале