5.06.2015, 11:55
Оқылды: 26

Қоғамнан оқшаулаусыз жазаның жеңілдігін білмейтіндер бар

Akjayik audani sott  Пробациялық бақылау белгіленген адамдарға Үкіметтің 2014 жылғы 23 қазандағы Қаулысымен бекітілген «Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидасы» бойынша көмек көрсетілетіні мәлім. Осы жылдың 5 айында №2 Ақжайық аудандық пробация қызметінің есебінен 28 сотталған адам өтті, оның ішінде қоғамдық жұмыстарға тарту жазасына сотталған 3 адам, бас бостандығынан шектеуге сотталған 22 адам және шартты сотталған 2 адам бар. Соның ішінде 9 сотталғанға қатысты әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету бағдарламалары жасалып, тиісті мекемелерге жолданды, соның бесеуі жұмысқа орналастырылды, 2 сотталғанға медициналық көмек және 2 сотталғанға психологиялық көмек көрсетілді. Аталған бағдарламалар сотталған адамның қоғамда қалыптасып, қайта қылмыс жасауға бармай, түзелу жолына түсуге көмектеседі.

Жуырда №2 аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған Тайпақ ауылының тұрғыны Д. жаза өтеу тәртібін үнемі бұзғаны үшін пробация қызметінің ұсынысы бойынша, сот қаулысымен бас бостандығынан айырылып, түзеу мекемесіне жіберілді.

Есепте тұрған сотталғандардың көпшілігі түзелу жолына түсуге тырысады. Өткен 5 айда жаза өтеу барысында өздерінің түзелгенін дәлелдеген, бас бостандығынан шектеу жазасына сотталған 3 адам сот қаулысымен шартты түрде мерзімінен бұрын жазадан босатылды.

www.zhaikpress.kz

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале