28.04.2016, 14:09
Оқылды: 24

ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев жұмыс сапарымен БҚО-ға келді

bozymbaevҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев облысымызға жұмыс сапарымен келді. Мәртебелі мейман облыс əкімі Алтай Көлгіновпен бірге Бөрлі ауданына ат басын бұрды.


Олар əуелі ҚПО б.в.компаниясына барды. Онда компанияның бас директоры Ринато Мароли кенішті игеру бағытында қолға алынып жатқан жобалар жөнінде баяндады.

'Конденсат'АҚ-ның бензин өндіру зауытындағы құрылыс жұмыстарымен танысты. ҚПОб.в.компаниясының қаржысына жөндеуден өткен жылу қазандығы, аудандық орталық аурухана сынды əлеуметтік нысандарын аралап көрді.

Министр Ақсай индустриалды паркінің жұмысымен танысып, қазақстандық қамту бойынша шетелдік компания өкілдерімен жиналыс өткізеді деп күтілуде.

www.zhaikpress.kz

Сәкен Әбілхалықов

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале