27.11.2015, 20:27
Оқылды: 23

Қызықты экскурсия

Zelenov policia sabagi   Зеленов оқушылары аудандық ішкі істер бөлімінде экскурсияда болды. Жас ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеп, полицей жұмысының қиын да қызықты жақтарымен таныстыру мақсатында өткен шараны ішкі істер бөлімі басшысының орынбасары полиция подполковнигі Сабыр Бөрпиев жүргізді.

Полиция жұмысымен танысу кезекші бөлімінен басталды. Кейін уақытша қамауға алынғандарды ұстайтын изолятор, тергеу бөліміне барған оқушылар полицейлерге өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып жатты.


Қызметкерлер қойылған сауалдарға нақты және толық жауаптарын қайырып, әр бөлімнің қай кезде қандай жағдайда құрылғандықтары туралы қысқаша мәліметтерді беріп қана қоймай әр істің қаралу тәртібі, қылмыстың ауырлығына қарай қалай бөлінетіндігі жайында да айтып жатты. Сондай-ақ полицейлерден бастарынан өткерген қызықты және қиын оқиғалар туралы да айтып берулерін сұраған балалардың өтініштері де жауапсыз қалмады. Экскурсия қатысушыларының қатты қызығушылығын туғызған жер криминалист кабинеті болды. Ол жерде оқушылар саусақ іздерінің қалай алынатындығын, фоторобот қалай жасалатындығын өз көздерімен көріп, арнайы магнитті ұнтақпен жұмыс жасап қарады. Кейін ішкі істер қызметкерлері пайдаланатын түрлі қару-жарақтар мен қорғаныш құралдары таныстырылды. Ол жерде де оқушылар әр қаруды ұстап қарап, касқа, қалқан, бронежилет сияқты бұйымдарды киіп көріп жатты.

Қызықты өткен экскурсия соңы Тұңғыш Президент күніне арналған оқушылардың шағын концертіне ұласты.

Балаларымыздың ішкі істер бөліміне жасаған сапарының басы да аяғы да осы болғай.

www.zhaikpress.kz

Түгелбай Бисенов

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале