9.06.2016, 16:16
Оқылды: 33

Қырықтық басталды

????????????????????????????????????

    Атамекен ауылына қарасты Қалмақ шағын елді мекенінде қой қырқу науқаны жүріп жатыр.

   Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың ақжайық етті-жүнді асыл тұқымды қой шаруашылығының директоры С.Орынғалиевтің айтуынша қырықтықшылар күніне 300 қойдан қырқады екен. Жалпы шаруашылықта үш мыңнан астам қой бар. Әр қойдың басына 100 теңгеден төленеді. Тіпті, күніне он мың  теңге табатындар бар.


    - Қырқу науқаны ойдағыдай өтуде.  Маусымдық жұмыс болса да, жиырмадан астам адамды жұмыспен қамтып отырмыз. Қазірдің өзінде он қырықтықшы мен он жұмысшы қызмет етеді.  Әзірге жұмыс істеуге кедергі жоқ. Ауа-райы да бір қалыпты. Бұйырса  он шақты күнде бұл науқанды да толықтай аяқтайтын боламыз. Әр қойдан түсетін жүннің салмағы үш келіден асады. Қырқылған жүндер бірден сұрыпталып, престелуде.  Содан соң оны делдарлар келіп  орташа бағасы 150 теңгеден сатып алады. Әзірге жағдай жаман емес, - дейді шаруашылық басшысы.

www.zhaikpress.kz
ТАСҚАЛА АУДАНЫ
Назгүл Серікқызы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале