18.10.2016, 10:52
Оқылды: 13

Құбайдолла ағамыз бірінші орынды жеңіп алды

%d2%9b%d0%b0%d1%81%d0%b0%d0%bf%d1%88%d1%8b1Биыл қазталовтықтар үшін жемісті жыл болып отыр. Спортта да, өнерде де оза шауып, бәйге алып жатырмыз. Енді міне, тағы да бір бәйгені жеңіп алдық. Ол қандай бәйге дейсіз ғой?

Орал қаласында өткен ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай өткізген мерекеде қасапшылар арасында сайыс болды. Әрине, бұндай сайыстар сирек болатыны белгілі. Сондықтан да ол қызықты. Ауданымыздан бұл сайысқа  Құбайдолла Ізмағанбетов ағамыз қатысты. Ағамыздың он саусағынан өнер тамған шебер екені белгілі. Себебі түрлі құрылыс жұмыстарын жүргізгенде  ағамызға  «құда түсушілер» көп. Сондай-ақ бүгінде аудан орталығын етпен қамтамасыз етіп отырған Мәншүк апамыздың өнімдерінің  сатылуына да қол ұшын беріп келеді. Ал, бұл дүкеннен ет сатып алғандар, -кіл сүйекті толтырып жіберді, - деген бір әңгіме естіліп жатырған жоқ. Міне, бұнда Құбайдолла ағамыздың қолтаңбасы жатыр.

Облыстың 6 ауданынан қатысқан қасапшылар арасындағы сайыста Құбайдолла Ізмағанбетов бірінші орынды жеңіп алып, арнайы сыйлықпен марапатталды. Бұл да кәсіптің бір түрі. Осындай кәсіптің шебері Құбайдолла ағамыз деп білеміз.

Жұлдыз Асқар

www.zhaikpress.kz  

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале