26.09.2015, 16:07
Оқылды: 19

Құрбанның еті 83 отбасына таратылды

 

SAMSUNG CAMERA PICTURES

Қасиетті Құрбан айт күні Сырым аудандық мешітінде айт намазына ауданның халқы мен мекеме басшылары жиылды. Аудан әкімі Абат Шыныбеков қауымды Құрбан айт мерекесімен құттықтап, ақ тілегін білдірді. Бас имамның уақытша міндетін атқарушы Фархат Өзбековтың артынан жамағат айт намазына ұйып, дұға бағышталды.

Айт намазынан соң, «Жібек жолы» ШҚ жетекшісі Ғанимат Нұрмұханов ірі қара,  «СК Алаш» ЖШС-ның директоры Исатай Темірбаев ірі қара, ауданның кәсіпкерлері Б.Жанғожиев, Ұ.Қалешов, В.Бахметова, Г.Нығметова, Г.Айдарханова, Г.Шайхиевалар бірігіп ірі қара малын, Н.Оспанов 1 қой  сойып, аудан орталығындағы  83 отбасына еті таратылды.

www.zhaikpress.kz

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале