7.12.2016, 14:58
Оқылды: 38

«Қазгидромет»: бүгін түнде ауа температурасы 20-25 градусқа төмендейді

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалынан түскен мәліметке қарағанда, желтоқсанның 7-сінен 8-іне қараған түні Батыс Қазақстан облысы бойынша ауа температурасы 20-25 градусқа күрт төмендеуі мүмкін.

Осыған орай  БҚО ТЖ департаменті ескерту жариялап, облыста төтенше жағдайлардың алдын алу бағытында тиісті күш-құралдар дайындыққа келтірілуде. Тұрғындар арасында оқыс оқиғаға жол бермеу, өмірлік маңызы бар нысандардың, электр желілері мен байланыс құралдарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін шаралар қолға алынуда.

ТЖ қаупі төнгенде БҚО ТЖ департаментінің 51-39-35 (факс), 51-42-22, 112 нөмірлеріне хабарласуыңызға болады.

"Жайық Пресс" ақпарат орталығы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале