4.04.2016, 11:52
Оқылды: 28

Ұжымдар шықты сайысқа

????????????????????????????????????

   2 сәуір күні Жалпақтал ауылының белсенді мекеме ұжымдарының қатысуымен Жалпақтал ауылдық округі әкімшілігі және Жалпақтал мәдениет үйінің ұйымдастыруымен алғашқы рет «Менің өнерлі ұжымым» атты вокалды топтар байқауы оздырылды.

     Мәдениет үйінде бүгін әдемді де, әсерлі кеш өтті. «Өнер десе, ішкен асын жерге қоятын» жалпақталдық ағайындар тағы да мәдениет үйінің залынан табылды. Залға толы көрермен. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған байқауда өнерлі ұжымдар Астана қаласындағы «Конгресс холда» ән шырқап тұрғандай әсер алдық.


     Сырға толы саз, жүректі сан сезімге бөлейтін, әсем әуеннің ғасырдан ғаысрағ жалғасқан нақышын бұзбай әрі жалғау, өнердіә өркендетуге қосқан қадам десек, сонау жылдарда әкелеріміз бен аналарымыз сүйіп тыңдайтын ретро әндер, сағындырған әсем әуендері бүгінгі кеште шырқалды. «Өнер көзі халықта» демекші халық арасында мекме ұжымдар арасында таланттардың көзін ашып, қазақ халқының табиғатына толықтай сіңген әншілік өнерді дамыту, ауыл болып өнерге деген қызығушылығымызды жандандырып, өнерімізді өркендетсек деген ой болатын.

     Байқауға ауылымыздағы жеті мекеме ұжымдары қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Атап өтер болсақ «Балдәурен» бөбекжайы, Жалпақтал атыраптық пошта байланыс бөлімшесі, Ғ.Молдашев, К.Меңдәлиев атындағы орта мектептің ұжымдары, Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжі, Жалпақтал киножүйесі, «Ертегі» бөбекжайының ұжымдары қатысты. байқаудың ережесі мекеме ұжымдары дуэт, трио, квартет, тағы сол сияқты әнді аспапта сүймелдеу немесе эстрадалық нұсқауда жанды дауыспен орндап шықты. Өнерлі ұжымдар бірінші кезеңде 50-80 жылдардағы ретро әндерді нақыштарына келтіріп шырқады.

     Ал екінші кезеңнің екінші бөлімінде жеті ұжымның өнерпаздары сүйікті кинофильмдерден алынған әндерді орындады. Екінші кезеңде бірінші болып өнер көрсеткен «Балдәурен» бөбекжайы «Тақиялы періште» кинофильмінен «Мама» әнін орындаса, Жалпақтал атыраптық пошта байланыс бөлімшесі «Менің атым Қожа» фильмінен «Сарыжайлау», Ғ.Молдашев атындағы білім ордасы Кавказская пленица» фильмінен «Песня о медведях», К.Меңдәлиев атындағы орта мектебінің ұжымы «Тақиялы періште кинофильмінен «Песня про Одиссея» әнін және «Карновал» фильмінен «Позвани мне позвани» әндерін, Жалпақтал колледжі «Менің атым Қожа» фильмінен «Туған ел», Жалпақтал киножүйесі «Гостья из будущего» фильмінен «Прекрасная далеко» әнін, «Ертегі» бөбекжайы «Тақиялы періште кинофильмінен «Песня про Одиссея» әндерінен саунтрек орындады. Бұл екі кезеңді әділ қазылар алқасының шешімімен бағаланды. Ендігі үшінші кезең 23 сәуір күні жарты пайыз көрермен дауыс беру арқылы анықталатын болады.

     Осы үміткерлердің «Менің өнерлі ұжымым» байқауына қатысуға ықпал еткен мекеме ұжым басшылары мәдениет үйі өз алғыстарын білдіреді.

     Ендігі кезекте 23 сәуір күні жеңімпазды анықтау үшін барша ағайындарды мәдениет үйінің залынан көретін және жеңімпазды анықтайтын боламыз. Барша ауылдастарды асыға күтеміз.

     Өнерді бағалайтын, әдемі де, әсерлі кештің куәсі болған аудан әкімі Нұрлан Мағазұлы байқауда өнер көрсеткен ұжымдарға өзінің алғыс сезімін білдіріп, игі тілегін жеткізді.

 www.zhaikpress.kz

Тұрарбек АҚМУРЗИН

Жалпақтал ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале