Ақжайық ауданында да оқушылардың оқу ордасындағы сабаққа түгел қатысуын көздейтін «Мектепке жол» акциясы әдеттегісінше, ұйымшылдықпен өткізілуде. Бүгінге дейін жергілікті бюджет қаржысына 40 оқушыға мектеп формасы (205 мың теңгеге) берілді. Жекелеген азаматтар да, еңбек ұжымдары да ұл-қыздарға қолдан келген көмектен аянбауда. Аудандық мешіт имамы Ерлан Айтенов мешіт қорынан 5 оқушыға, жеке кәсіпкер Светлана Ереева 5000 теңгеге оқу құралдарын алып берді.
Сағынтай ТІЛЕС
Ақжайық ауданы