6.08.2015, 17:53
Оқылды: 33

Ұғымды насихат – ұтымды іс кепілі

Akjayik ygimdi akparat ytimdi is kepiliМемлекетіміздің жарқын болашағы үшін айтулы, айрықша жоспар – «100 нақты қадам». Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бұл бағдарламасы жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап болып табылады. Сонымен қатар, бір мезгілде жаңа тарихи жағдайда әлемдегі ең озық елдердің қатарына қосылуға мығым негіз қалайды. Демек, осы ерекше, жөні бөлек бағдарламаға үлес әр қазақстандықтың борышы, мерейлі міндеті болуы керек.

Бүгін Ақжайық ауданының әкімі Әділ Жоламанов аудандық насихаттық-ақпараттық топ мүшелерімен арнайы кеңес өткізіп, аталған Ұлт жоспарының маңызы жайында түйіндеді. «Терең ойластырылған «100 нақты қадамды» жүзеге асыру жөнінде елімізде қазірдің өзінде үлкен істер, қам-қарекеттер орындалды. Соның бәрі және алдағы межелер жайында тұрғындарымыз жан-жақты білсе, бұл ұтымдылыққа бастайтыны сөзсіз»,- деді ол. Аудан басшысы 4 насихаттық топтың әрбіріне ауылдық округтер бекітілгенін, ұғындыру-ағарту жұмыстарының тегеурінді жүргізілуіне жауаптылар тағайындалғанын баяндады.

Кеңесте насихат ісін тың шаралармен жүргізудің бағыты пысықталды. Жер-жерде 5 институттық реформаның тұжырымдары, Ұлт жоспарының нақты биіктері тақырыптарына «дөңгелек үстелдер», аудан шамшырағы болып табылатын еңбек озаттарымен кездесулер ұйымдастырылады. Ауылдар көшелеріндегі, ғимараттардағы көрнекіліктер жаңартылуда. Аудан бойынша бүгінге 213 көрнекі үгіт құралдары жаңадан қондырылды.

www.zhaikpress.kz

Тілектес САҒЫН

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале