20.08.2015, 18:38
Оқылды: 29

«Әділ сөздің» дәрісін тыңдады

Karatobe seminar   13-14 тамыз күндері мәдениет пен руханияттың астанасы Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті мен Халықаралық «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау қорының ұйымдастыруымен өткен «Журналистің құқықтық және мәдени этикасын жетілдіру» тақырыбында өткен семинар-кеңеске БҚО облысы бойынша қатысып, дәріс тыңдаған тілшілер қатарында Қаратөбе аудандық «Қаратөбе өңірі» газетінің тілшісі Серікбай Хасанов та болды.

Семинар бағдарламасына «БАҚ-на қатысты проблемалар. «Сөз сүйектен өтеді...» Инвективті лексика. Құқықтық және этикалық стандарттар. Сотта өзіңді қалай ұстау керек?» тақырыбында дәріс оқылып, «Жала жабу» мен «Қорлау» істерін қарау кезіндегі кейбір көкейтесті мәселелер» тақырыбында сот тәжірибесінен шеберлік сыныптары өткізілді.

Сонымен қатар «Журналистің қоғамдағы рөлінің ерекшелігі» тақырыбында бейнекөрсетілім ұсынылды.

Сөз этикеті мен жазу мәдениеті төңірегіндегі сауалдарға жауап іздеген зерделі кеңеске еліміздің барлық өңірінен БАҚ өкілдері қатысты.

 www.zhaikpress.kz

Ертай БИМҰХАНОВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале