3.12.2015, 11:47
Оқылды: 70

«Әйел жүрегі – әлем тірегі»

Akajayik el jyregi   Ақжайық ауданының әкімі Әділ Жоламанов әйел еңбеккердің үлкен тобымен кездесті. «Әйел жүрегі – әлем тірегі» атты бұл жүздесу Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа Жолдауынан кейін іле-шала басталды.

– Ең алдымен сіздерді ынтымағымызды ұйыстыра түсетін Тұңғыш Президент күнімен қызу құттықтаймын!,-деді ол.- Жаңа ғана Мемлекет басшысының Жолдауын тыңдадық. Бұл құжат – даму даңғылына түскен егемен еліміздің адастырмас темірқазығы, басшылыққа алатын басты бағдары болып табылады. Бұл – әрбір қазақстандық үшін, әрбір отбасы үшін, келешек ұрпақ үшін жарқыраған жолымыз, «Қазақстан-2050» Стратегиясына сай өмірімізге серпіліс әкелетін басымдықтар бағыты.

Бұдан әрі аудан басшысы облысымыздағы және Ақжайықтың ауылдарындағы соңғы кезде жүзеге асқан игі өзгерістер туралы айта келіп, қараша Жолдауы сәт сайын құбылған мына аласапыран дүниеде бізден одан әрі топтасуды қажет ететінін баяндады. «Осы орайда өмірлік тәжірибесі бай біздің ана-апаларымыз, жас толқын қарындастарымыз білек түре атсалысатынына мен кәміл сенемін»,-деді ол.

Ауданда тұрғындардың 50 пайызы, яғни 21140-ы әйелдер болып табылады. Олардың арасында айталық, Д.Сүлейменова, С.Сағитова, Ә.Жанғалиева, Б.Нұржанова, Л.Сейіткереева сынды, яғни әйел кәсіпкер 467 еңбеккердің арасында Ақжайықтың шамшырағы болып табылатындар қатары қалың. Бүгінде ауданда 634 Алтын алқалы, 747 Күміс алқалы ана бар. 4 әйел мәслихат депутаты, 52 әйел мекеме, бөлімдер, 3-уі ауыл басшысы, барлық мемлекеттік қызметшілердің 50 пайызға жуығы да нәзік жандылар болып есептеледі. 670 шаруа қожалығының 52-сіне әйелдер жетекшілік жасайды. «Шуақ» әйелдер қоғамдық бірлестігі 2009 жылдан бері отбасы құндылығы мәселеріне байланысты оралымды істер атқарып келеді. Оның «Жас аналар» кеңесі отбасылық өнеге, жарасым, бала тәрбиесіне қатысты насихат жүргізіп келеді.

Кездесуде сөз алған аудандық «Шуақ» әйелдер қоғамдық бірлестігінің төрайымы Мәншүк Мәмбешова және басқалар лайықты істермен қатар қыз бала тәрбиесіне байланысты орындалуға тиісті ауқымды істерді саралады. «Шуақтың» ауылдарға көшпелі мәжілістерін ұйымдастыруды жүйелі түрде жалғастыру, маңдайалды кәсіпкер қыз-келіншектердің тәжірибесін кеңінен тарату жайында әңгіме болды. Тәуелсіздігіміздің ширек ғасырлық мерейтойына орай еңбек тартуы қозғалысын қанаттандыру, қараша Жолдауын насихаттап, ұғындыруға белсенділікпен қатысу туралы баяндалды.

Ә.Т.Жоламанов шамшырақ әйел-аналарға Алғыс хаттар тапсырды.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале