16.05.2016, 11:54
Оқылды: 96

Әлжановтардың жеңісі – Қаратөбенің мерейі

Karatobe Aljanovtar    Орал қаласындағы Қадыр Мырза Әлі атындағы облыстық мәдениет пен өнер орталығында Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен «Ақжайық өңірінің оқырман отбасы - 2016» облыстық байқауы оздырылды.


      Байқау шарты бойынша 3 кезеңде сынға түскен отбасылардың ішінен Әлжановтардың кітапқа деген құрметі, білім мен өнерді меңгеруі жоғары болған.

    Байқау қорытындысында Қаратөбе ауданының тумасы Әлжановтар жанұясы (Орал қаласы) облыстық байқаудың бас жүлдесін жеңіп алды.

     Кітапты өміріне серік еткен, өмірдің бар мәнісін рухани байлықтан іздейтін Әлжановтар әулетінен өрбіген ұрпақтың көбісі елге танымал, білім мен ғылымды жетік меңгерген жоғары білімді жандар.

     Айта кету керек, Әлжановтар отбасы осыдан бірер ай ғана бұрын Орал қаласына қоныс аударған болатын. Әйтсе де, отбасының тірегі Мұрат Әлжанов аудандағы «Ұзақ күйші» қоғамдық қорына төрағалық етеді.

 www.zhaikpress.kz

Ертай БИМҰХАНОВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале