3.05.2016, 11:01
Оқылды: 20

Әрбір студентке жайлы жағдай жасалады

Shingirlau arbir studentke     Шыңғырлау колледжі ғимаратында кәсіптік бағдар беру мақсатында «Мен және менің болашағым» атты ашық есік күні өткізілді. Шараға ауданның 13 мектебінен 9 сынып оқушылары шақырылып, жалпы саны 200-ге жуық оқушы қамтылды. Ашық есік күнінде оқушылар колледждің өндірістік оқу кабинеттерін аралап, теориялық білім мен өндірістік оқыту орнындағы қолма-қол тәжірибе меңгеруді қатар жүргізетін оқу орнының іс-тәжірибелерімен танысты.


     Жоғары деңгейде қамтылған маериалдық база, көрнекі құралдары ілінген, қажетті жабдықтар мен үлгілер толтырылған өндірістік оқыту бөлмелері оқушылар қызығушылығын тудырып отыр. Осындай экскурсиядан кейін колледждің мәжіліс залында оқу орнының студентері, бұрын осы оқу орнын тәмамдап, бүгінде белгілі бір жетістіктерге қол жеткізген түлектер, мекеме басшылары мен әр түрлі мамандық иелері шақырылған жиын өтті. Жиында колледж өмірі туралы бейнекөрсетілім ұсынылып, оқудағы студенттер пікірі тыңдалды. Аға буынның ақыл- тағлымды әңгімелері тыңдалып, жасөспірімдерге мамандық таңдауда бағыт-бағдарлар берілді. Шараның алғы сөзінде оқушыларды колледжге оқуға шақырған оқу орнының басшысы С.Жұмағұлов мамандық таңдауда қателеспеу қажеттігін айтты.

     «-Біздің колледжіміз облыс бойынша жалпы саны 27 мемлекеттік колледждердің алдыңғы қатарында тұр. Тракторшы, жүргізуші, аспаз, тас қалаушы-сылақшы, әрлеуші, газ және электрдәнекерлеуші, электромонтер, есептегіш машиналар операторы мамандықтарына оқытып, 16 мың теңге көлемінде шәкіртақы төленеді. Өзіміздің жатақханамыз бар және ол әр шәкіртке үйдегідей жайлылық, ыстық тағам және оқуға, демалуға жағдай туғызады»,- деп атап өтті колледж басшысы.

www.zhaikpress.kz

Қаршыға ЕЛЕМЕСОВ

Шыңғырлау ауданы  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале