2.06.2015, 18:56
Оқылды: 18

Әр майдангерге 100 мың теңге

Janakala ar maidangerge 100 min Жерлесіміз, бүгінде алматылық кәсіпкер Серік пен Роза Жұмалиевтер де Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің мәнін түсініп, майдангерлерді қадір тұтатындардың бірі. Оған себеп – жерлесіміз Серіктің әкесі Тәкестің ағасы Қабдол да 1943 жылы майданға аттанып, хабарсыз кеткендердің бірі еді.

Әкесі Тәкес ағасы жөнінде қанша іздегенмен дерегін білмей өмірден өтті. Әке аманатына адалдық танытқан Серік ағасы Қабдолдың  1945 жылы 28 сәуірде Германия жерінде қаза тауып, Дрезден қаласында жерленгенін анықтап, 2013 жылы 28 сәуірде туған жерінің топырағын апарып ата бейітіне салып, құран оқып келді.

Сол сияқты зайыбы Розаның әкесі Темірқұлов Иманқұл да фин, Ұлы Отан, Жапония соғыстарының ардагері.

Міне, осылайша майдангерлерге құрметпен қарайтын бұл отбасы Жеңістің 70 жылдығына орай Жаңақала ауданындағы көзі тірі соғыс ардагерлеріне сый-сыяпат көрсетуді парыз  санапты.

Сөйтіп, Жеңіс күні қарсаңында аудандағы көзі тірі бес майдангердің әрқайсысына 100 мың теңгеден демекшілік жасау үшін қаржы жіберіп, орындауды інісі Марс Жұмалиевке тапсырыпты.

М.Жұмалиев аға тапсырмасын орындап, аудандағы бес соғыс ардагеріне ағасының сыйлығы мен құттықтауын өз қолымен тапсырды.

www.zhaikpress.kz

Өмірзақ АҚБАСОВ

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале