3.08.2015, 17:44
Оқылды: 20

Әскери тәртіп күшеюі керек

Nyrtas fotosi     «Батыс» өңірлік қолбасшылығының акт залында Орал гарнизонының әскери прокуроры, әділет полковнигі Алтынбек Раевтың төрағалығымен қылмысты тергеу және әскери құрылым басқармалары, банк құрылымдарының өкілдері қатысқан мекемеаралық кеңес өтті.

Жиында бөлім басшылары мен командирлері алты ай ішінде атқарылған іс-шаралар есебі, басым бағыттарды анықтау, әскери тәртіпті күшейту, құқықбұзушылықтың алдын-алу мәселелері туралы баяндама жасады. Әскери Бас прокуратураның қолға алған «2015 - суидцидтен сақтандыру жылы» жобасы аясында әскерилер арасындағы суицид, қаржылық қиындықтар, кредиттік жүйеге қатысты шиеленістер де талқыланды. Осыған орай әскери қызметшілердің қаржылық сауаттылығын көтеру, кредит беру рәсімін қадағалау, ұзақ уақытқа берілген жағдайда төлем жүйесін оңтайландыру бағытында туындайтын мәселелерді әскери органдар мен банктердің өзара біріге отырып тиімді шешу жолдары қарастырылды.

www.zhaikpress.kz

Нұртай  ТЕКЕБАЕВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале