25.08.2015, 19:12
Оқылды: 15

Өкіл имаммен жүздесу

 

окил имамБүгін Жәнібек аудандық мұсылмандар мешітінде Батыс Қазақстан облысының өкіл имамы Руслан Сұлтанов аудан тұрғындарымен кездесті.

Кездесуге аудан ақсақалдары мен жастар қатысты. Басқосуда өкіл имам елімізде діни ахуалдың тұрақтала бастағанын, оған Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының қосқан үлесі зор екенін егжей-тегжейлі айтып, облысқа келіп жатқан теолог-мамандар хақында сөз қозғады.

Ол жұртшылықты Ханафи мәзһабын ұстануға шақырып, бұл турасында тәлімді әңгімелерді тілге тиек етті. Өкіл имам сондай-ақ ауданда діни ахуалдың тұрақтылығына және аудандық мұсылмандар мешітінің имамдарының жұмысына разы болды.

         www.zhaikpress.kz

Н.Өтей

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале