21.05.2015, 18:11
Оқылды: 41

Өнер майталмандарына құрмет

Kaztalovka oner maitalmandarina kyrmet   21 мамыр күні мәдениет және өнер саласының күніне орай Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Данияр Қайратов осы сала қызметкерлерін қабылдады.

         Тәуелсіз еліміздің экономикасы дамудың даңғыл жолына түскен тұста тарихи құндылықтар мен әдебиет, мәдениет пен ұлттық дәстүрге айрықша көңіл бөлініп отыр. Жалпақтал мәдениет үйінің өнер майталмандары ұжымның туын биік көтеріп, ауылдың даңқын шығарып жүрген жандар. Ауыл әкімі Данияр Қайратұлы мәдениет ұжымының еңбектерін ерекше атап өтіп, мерекемен құттықтап, жүрекжарды лебізін білдірді.

-Елбасымыз Н.Назарбаев «Біздің алдымызда ел болашағын сеніп тапсыратын, төл мәдениетін жақсы білетін, туған тарихын сүйетін естияр ұрпақ дайындау міндеті тұр» дегеніндей мәдениет – рухани мәйек. Елдің елдігін танытатын сала – мәдениет болғандықтан, өнердің өз перзенті саналатын  Сіздермен біздер мақтанамыз. Сондықтан әрқашан бір болайық, бірге болайық,-деген сөзбен түйіндеген ауыл әкімі өнер иелерін, Жалпақтал мәдениет үйінің директоры Жанат Мұханбетовты, М.Ғұмаров атындағы Жалпақтал халық театрының режиссері Нұрлан Шаканаевты, өнер майталмандары Сүлеймен Қаюбалиевты, Бейбіт Оразовты, Нұрхат Жалмұхановты, Шалқыма Меркулованы алғыс хаттармен марапаттады. Сонымен қатар мәдениет үйінің өнер иелерін қабылдауда өз ойларын, ұсыныс пікірлерін білдіріп, еркін сұхбаттасты. Жиналғандар атынан сөз алған мәдениет үйінің директоры Жанат Қалиұлы Жалпақтал ауылы әкіміне алғысын білдірді. Алдағы уақытта аталған кәсіби мереке жалғасын тауып, Жалпақтал ауылының мәдениеті мен өнерін өрге жүздіріп жүрген қызметкерлердің мерейі үстем бола берсін деген тілек білдіреміз.

 www.zhaikpress.kz

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ

Жалпақтал ауылы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале