21.07.2016, 21:02
Оқылды: 42

Өнер саңлақтарымен өткен кездесу

FB_IMG_1469112470204Қадыр Мырза Əлі орталығында Қазақстанның халық əртісі Құман Тастанбеков пен ҚР еңбек сіңірген əртісі, "Құрмет" орденінің иегері Мерует Өтекешованың "Мəңгілік махаббат жыры" атты кездесу кеші өтуде.


FB_IMG_1469112495755Жастар шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен өткен кездесу кешіне халық көп жиналды.
Өнер саңлақтарының мəдениет саласындағы өнегелі еңбек жолы, отбасылық өмірі көрермен қауымға əдемі əсер ұялатты.
FB_IMG_1469113002174Кездесу кешіне арнайы келген облыс əкімінің орынбасары Марат Тоғжанов өнер иелеріне ыстық лебізін білдірді.
Өскелең ұрпаққа жоғары рухани жəне эстетикалық тəрбие берудің үлгісін көрсетуді мақсат еткен шара шынайы, əсерлі өтуде.

Шара басталар алдында мəртебелі меймандар Қадыр ақынның ескерткішіне тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды, қаламгердің қолы тиген құнды жəдігерлерді тамашалады.

Гүлжамал Жолдығали

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале