6.10.2016, 12:13
Оқылды: 15

Өнер фестивалінде Қазталов ауданының ардагерлері жүлдегер атанды

%d3%a9%d0%bd%d0%b5%d1%80-%d1%84%d0%b5%d1%81%d1%82%d0%b8%d0%b2%d0%b0%d0%bb%d1%96%d0%bd%d0%b4%d0%b5-%d2%9b%d0%b0%d0%b7%d1%82%d0%b0%d0%bb%d0%be%d0%b2-%d0%b0%d1%83%d0%b4%d0%b0%d0%bd%d1%8b%d0%bd%d1%8b   Орал қаласында өткен “Тәуелсіздікке тағзым” атты ардагерлер арасындағы облыстық өнер фестивалінде Қазталов ауданының ардагерлері өз өнерлерін ортаға салып, жүлдегер атанды.


 Хор жанры бойынша ардагерлерден құралған хор ұжымы жерлестеріміз Серік Сүлейменов пен Нұрлан Нығметовтің “Аудан-әнім” және Өтеген Шоқпановтың “Тәуелсіз елім – Қазақстан” атты әндерін орындап, бірінші орынға ие болды.

Сондай-ақ 1970 жылы Қарағанды қаласында өткен республикалық бишілер байқауының лауреаты атанған Айымжан Ахметова анамыз “Келіншек” биімен екінші орынға көтерілсе, “Мерейлі отбасы – 2016” байқауына қатысып қайтқан Биғалиевтердің халықтық отбасылық ансамблінің жетекшісі Марат Биғалиев вокал жанрында дипломант атанды.

%d3%a9%d0%bd%d0%b5%d1%80-%d1%84%d0%b5%d1%81%d1%82%d0%b8%d0%b2%d0%b0%d0%bb%d1%96%d0%bd%d0%b4%d0%b5-%d2%9b%d0%b0%d0%b7%d1%82%d0%b0%d0%bb%d0%be%d0%b2-%d0%b0%d1%83%d0%b4%d0%b0%d0%bd%d1%8b%d0%bd%d1%8b

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Уәлиолла Әбішев өнер байқауына қатысқан барша ардагерлерге, хор дирижеры, Сағит Садықов атындағы мәдени демалыс орталығы директорының міндетін атқарушы Мира Сүндетоваға, музыкамен сүйемелдеген аудандық саз мектебінің ұстаздары Ерлан Уаресов пен Қайрат Баймурзиндерге алғысын білдірді.

Алдағы уақытта ардагерлер хоры “халықтық” атағын алу үшін еңбектенетіндіктерін айтады.

Қайрат ЖАҚЫП

Қазталов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале