18.04.2016, 16:59
Оқылды: 17

«100 нақты көмек» жобасына – салмақты қолтаңба

????????????????????????????????????

     Еліміз Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай БҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы ұйымдастырып отырған «100 нақты көмек» жобасы бойынша Ақжайық ауданында да айшықты істер тындырылмақ. Аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстың орталығының алқа мәжілісінде осы және таяудағы басқа да міндеттер жан-жақты тұжырымдалды.


     Аталған жобаға сай, яғни 1 ақпаннан бері ауданда бүгінге дейін 11 шара орындалған. Айталық, орталық алты ауылда 7 жастың жұмысқа орналасуына септесті, сондай-ақ өз кәсібін ашқысы келген көнеккеткендік азаматқа «Өрлеу» бағдарламасына қатысуға қолдау көрсетілді. 3 ауылда жастар әлеуметтік әлсіздерге қайырымдылық көмегін көрсетті, мысалы Алғабас ауылындағы 1 жас отбасындағы оқушы балаларға қайырымды азаматтардың жәрдемімен оқу құралдарын, киім-кешек алып берді.

     Осындай қозғалыс көктем, жаз маусымдарында қанаттана түседі.

www.zhaikpress.kz

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале