24.02.2016, 19:37
Оқылды: 18

Теректі ауданында мешіт пен шіркеу салынбақ

????????????????????????????????????

 Осындай игілікті іс үшін 23 ақпанда Федоров селолық округінің әкімі Максим Энгеловаудандық Достық үйінде тұрғындармен басқосу өткізді.


Жиынғаоблыстық орталық мешіттің наиб имамы және жастар бөлімінің өкілі Марат Асанов, аудандық мешіттің бас имамы Халықбек Сыдықов, Орал епархиясының өкілі Владимир Гарасим, ардагерлер, түрлі сала қызметкерлері мен ауыл тұрғындары қатысты.Алғашқы сөз кезегін алған аудандық қоғамдық келісім кеңесі төрағасы Мұсағали Төлегенов бүгінде белең алған қатыгездік пенжастар тәрбиесіне тоқталды. Сонымен қатар адам жүрегінің тыныштық табуына септігін тигізер Құдай үйлерінің қазіргі жағдайы талапқа сай еместігін, сол үшін «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», ұрпағымыз үшін мешіт пен шіркеу салуға үлес қосу борышымыз екенін жеткізді. Қонақтарымыздың бірі Владимир Гарасим де бұл бастамаға қуанғанын жасырмады. Еліміздегі барлық ұлттардың татулығының көрінісі ретінде қос үйді бір жерге салу жөнінде ұсыныс білдірді. -         Бұрын балалар үйі, қарттар үйі болмады. Қазір өте көп. Мұның бәрі тәрбиеге тікелей байланысты. Әрқашан құдіретті күшке сену керек. Бүгінде Алла Тағалаға сенбегендіктен, парызамалдарды орындамағандықтан, осындай күйге душар болдық. Мешіттер азайып, кафе, түнгі клубтар көбейді. Осындай «жынойнақтан» гөрі мешіттің болғаны дұрыс. Біз кім болсақ та, елімізге, жерімізге, халқымызға пайда тигізер адам болуымыз қажет. Қазіргі таңда ел арасына іріткі салуды көздеген радикалды идеологияның құрбандары тату-тәтті өмір сүріп жатқан халықты көре алмай, теріс саясатын жүргізіп жатыр. Мұның алдын алу қажет. Осындай сауапты істі қолдауға келгендеріңізге рахмет, Алла разы болсын!- дедіМарат Асанов.

Тұрғындар көкейіндегі сұрақтарын қойып, істің берекелі болуын тіледі. Екі шот ашылып, әр адам шама-шарқына қарай қолұшын бермек.

www.zhaikpress.kz

Аягөз АЙТҚАЛИЕВА

Теректі ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале