27.08.2018, 17:56
Оқылды: 61

3-сыныпқа ақпараттық-коммуникациялық технологиялар пәні енгізілді

Орал қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде жаңартылған білім беру мазмұны бойынша тамыз конференциясының секция жұмысы өтті. Оған облысымыздың жалпы білім беретін мектептерінің 6-8 сынып мұғалімдері қатысты.

Жиында Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Тимур Нұркешов 2018-2019  оқу жылындағы білім мазмұнының жаңаруы жайында баяндама жасады.

-Жаңа оқу жылынан бастап 3-сыныпқа ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) пәні енгізілді. Бұл пән аптасына бір сағат оқытылатын болады.  Жаңартылған білім беру стандарттарында күнделікті мәселелер мен проблемалық жағдайларды шешу үшін ақпарат іздеу, оны өңдеу және талдау дағдыларын дамыту арқылы оқушылардың функционалды сауаттылығын қалыптастыруға ас көңіл бөлінген. Білім мен біліктерді дамытудың сабақтастығын қамтамасыз ету үшін пәндердің мазмұны «шиыршықтық» қағидаты негізінде әзірленген. Жаңартылған оқу бағдарламаларының ерекшеліктерінің бірі – пән ішіндегі пәнаралық тығыз байланыс. Ол пәндік білімді біртіндеп арттырып, тереңдетуге және дағдыларды дамытуға сондай-ақ оқушыларға әртүрлі пәндерден алған білімін кешенді оқу мәселелерін шешу үшін пайдалануға, бірегей терминдер мен ұғымдарды қолдануға мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде оқушылар ғылым салаларын өзара байланысты жүйе ретінде түсіне бастайды, - деді Тимур Сейітқажыұлы.

Сондай-ақ жиын барысында педагогикалық шеберлік орталығы филиалының директоры Лариса Обыденкина сабақты тиімді басқарудағы тайм менеджменті, мұғалім тәжірибесіндегі рефлексивті жазу, сандық және сапалық көрсеткіштерді оқыту тиімділігін арттыруда қолдану бойынша семинар-тренинг өткізді.

Әр секцияға бөлінген ұстаздар қауымына Назарбаев Зияткерлік мектебінің педагогтары  жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламалары, сабақтарды критериалды бағалауды қолдану,  CLIL әдісін ағылшын тілінде оқытуды пайдалану тақырыптары жөнінде шеберлік сағатын өткізіп, тәжірибелерімен бөлісті.

Есенжол ЕЛЕКЕНОВ,

«Орал өңірі»

IMG_5009 IMG_5029 IMG_5034 IMG_5052 IMG_5085 IMG_5184 IMG_5315 IMG_4981

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале