24.01.2017, 18:40
Оқылды: 35

Биыл 985 пәтер несиеге берілмек


«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың  2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын өңірімізде жүзеге асыру басталды.
yrgin yi jinak banki 03

    Осыған орай бүгін «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ облыстық филиалының басшылығы ҚР Орталық коммуникациялар қызметінің облыстық филиалы алаңында баспасөз мәслихатын ұйымдастырып, аталмыш бағдарламаның жүзеге асырылу тәртібі жөнінде баяндады. Бұл жиынға Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ  облыстық филиалының басшысы Айгүл Наурызалиева мен   облыстық құрылыс басқармасының бас маманы Қайрат Досанов және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.


     -2016 жылдың 17 қазан айында Батыс Қазақстан облыстық әкімдігі мен  «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Бағдарлама аясында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ несиеге берілетін тұрғын үй құрылысы бағытын іске асырады. Несиеге берілетін тұрғын үй құрылысы өз кезегінде екі желімен, яғни, жергілікті атқарушы орган және «Бәйтерек Девелопмент» АҚ желісі арқылы жүзеге  асырылмақ. Өңірімізде биыл  «Несиеге берілетін тұрғын үй» бағыты бойынша барлығы 7 үйден 985 пәтер беріледі деп күтілуде. Осы жеті үйдің төртеуі (481 пәтер) жергілікті атқарушы орган арқылы және үшеуі (504 пәтер) «Бәйтерек Девелопмент» АҚ желісі арқылы беріледі.

Айша ӨТЕБӘЛІ

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале