10.02.2017, 13:08
Оқылды: 42

Батысқазақстандық каратэшілер Бішкектен табысты оралды

Karate  Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында каратэ-додан өткен WKF "BISHKEK OPEN" Х халықаралық турнирінен батысқазақстандық каратэшілер олжалы оралды.


  БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, аталмыш жарысқа Тәжікстан, Өзбекстан, Ресей, Украина, Қазақстан, Түркменстан, Қырғызстан елдерінен 1200 спортшы қатысып, ересектер, жастармен қатар жасөспірімдер мен балалар жас ерекшеліктеріне қарай бақ сынады.

  БҚО құрамасы сапында 7 спортшы өнер көрсетті. Соның ішінде жастар арасында 55 кг салмақта Дархан Темірәлиев күміс жүлдегер атанса, Әсет Мағалымов үшінші орынды иеленді. Ал Нұрислам Қайырғалиев 27 кг салмақта алты қарсыласын ұтып, тек бір спортшыға жол беріп, қола жүлдені иеленді.

  Жарыс олимпиада бағдарламасы бойынша өтті. Ринат Мерғалиев баптайтын спортшылар енді ересектер арасында Тараз қаласында өтетін ҚР чемпионатына қатысады. Айта кетейік, каратэнің дәл осы WKF түрі 2020 жылы өтетін Токио олимпиадасының бағдарламасына енгізілген.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале