17.07.2015, 18:03
Оқылды: 24

Хикметке толы қасиетті ай

Taskala  ait merekesi  Бүгін Тасқала ауданында айлардың төресі қасиетті Рамазан айымен қоштасу мейрамы өтті.  Ислам үмбетінің ұлық мерекесі аудандық мешіт алаңында ұйымдастырылды. Оған аудан әкімі С.Әлиев, аудандық мешіт имамы А.Ибрашев және тұрғындар қатысты. Өз кезегінде сөз алған аудан басшысы жиналған қауымды тағы бір мәрте құттықтады. Айт мерекесі адамдар бойына игі жақсы қасиеттерді дарытатынын баса айтып, қасиетті айда Ораза тұтқандардың ниеті қабыл болуын тіледі.

Оған қоса, аудандық мешіт имамы Айдын Бақытұлы барша жиналған жұртшылыққа ислам дінінің қасиеттерін түсіндірді. Дініміздің бес парызын атап, қажылыққа бару мұсылман міндеті екенін жеткізді.

Мереке соңы арнайы концертке ұласып, тігілген киіз үйден адамдар дәм татты. Сондай – ақ, мектеп оқушылары арасында қазақша күрестен сайыс өтті. Аудандық кітапхана орталығының ұйымдастыруымен «Ислам – кеңпейілділік кепілі» атты діни кітаптар көрмесі таныстырылды. Есен – аман көрісіп төс қағысқан қауымның қуанышында шек болмады.

www.zhaikpress.kz

Әсемгүл Бекешева Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале