29.08.2017, 17:52
Оқылды: 67

Ата заң ұлықталды

UVD kyttiktau   Бүгін Жеңіс алаңында ҚР Ата заңына 26 жыл толу мерекесіне арналған облыстық тәртіп сақшыларының қатысуымен салтанатты шара өтті.

  Жиын облыстық ішкі істер органдарының жеке құрамы оркестрінің сүйемелдеуімен әнұранмен ашылып, облыстық ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Асылғали Меңдіғалин облыстық ішкі істер органдарының қызметкерлерін айтулы мерекемен құттықтады.

  • Құрметті сала қызметкерлері, сіздерді ҚР Конституция күнімен құттықтаймын. Бұл күнді мерекелеу еліміздегі қоғамдық маңызды және саяси оқиғалардың бірі болып табылады. Ата заңда белгіленген ережелер қоғамдағы саяси құрылымдар мен халықтың әл-ауқатының артуына, тиімді дамуына  негіз болуда.  Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының салиқалы саясатының арқасында 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум нәтижесінде қабылданған Ата заңымыз бүгінде тиімділігін танытып, көпұлтты халқымыздың татулығы мен тұрақтылығына тұғыр болып келеді. Бүгінгі мерекеге орай баршаларыңның отбасыларыңа амандық және қызметте жемісті еңбек тілеймін, - деді  Асылғали Шеңдіғалиұлы.

  Содан соң облыстық ішкі істер органдары ардагерлер кеңесінің төрағасы Жайлыбай Адаев құттықтау сөз сөйлеп, жас сақшыларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ жиында ҚР ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Қ.Қасымовтың құттықтау жеделхаты мен марапаттау туралы бұйрығы оқылып, қылмысқа қарсы күресу мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде елеулі үлес қосқан қызметкерлерге төсбелгілер мен алғыс хаттар табысталды. Кейін сапта тұрған жас тәртіп сақшылары халыққа және мемлекетке адал қызмет атқаруға салтанатты түрде ант берді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале