30.07.2015, 19:05
Оқылды: 30

572 миллион теңгеге жалған есеп берген

Memlekettik kiris departamenti    Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері дөңгелек үстел ұйымдастырып, онда салық заңнамасына енгізілген өзгерістер мен түрлі түйткілді мәселелерді талқылады.

Бұған облыстық кәсіпкерлер палатасы мен Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және жергілікті кәсіпкерлер қатысты. 

    Жиынды жүргізген облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басшысының  орынбасары Бауыржан Қайдаров салық заңнамасына өзгерістер  мен толықтырулар енгізілгенін айтып, осы жаңғыртылған заңнаманың кәсіпкерлер қызметіне қалай ықпал етіп жатқанын талқылау үшін аталмыш басқосуды арнайы ұйымдастырып отырғандарын  жеткізді.

Қазіргі таңда аудиторлық тексерулер мемлекет бюджетін толықтырудың бірден бір көзі айтқан ол жиналғандарға рейдтік және хронометражды тексеру жұмыстарын жүргізу тәртібін түсіндірді.

Бауыржан Наурызғалиұлының сөзін одан әрі жалғастырған аудит бөлімінің жетекшісі О.Никитин жыл басынан бері 47 бизнес нысанына хронометражды тексеру жүргізілгенін айтты. Оның сөзінше, тексеру нәтижесінде 25 салық төлеушінің тауар сату және қызмет көрсету бойынша 572 миллион теңгеге жалған есеп бергені анықталған. Бизнес нысандарына бұдан басқа тематикалық тексеріс те  жүргізіледі. Жыл басынан бері 27 салық төлеушіге тематикалық тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 15 кәсіпкерге ескерту жасалды, 2 адамға 99,0 мың теңге көлемінде айыппұл салынған. Және 9 салық төлеушінің ісі сотқа жолданған. Қазіргі таңда 13 бизнес нысанына осындай тексерулер жүргізілуде. Мұндай тексерулер жыл аяғына дейін созылмақ.

www.zhaikpress.kz

Айша ӨТЕБӘЛІ

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале