22.09.2015, 17:06
Оқылды: 25

64 шаршыда – тұнған тартыс...

Akjayik sharshi tartis    Ақжайық ауданында шахматты кеңінен насихаттау мақсатында өткен жылдың басында Чапаевта «Жігер» спорт клубы жанынан шахмат отауы ашылды. Күні бүгінге 40 жасөспірім және 20-ға жуық ересек тұрғын осында ақыл-ой спортымен шұғылданады.

Нәтиже де жоқ емес. Жыл басында оқушылар арасында ұйымдастырылған дәстүрлі облыстық жарыста М.Әуезов атындағы орта мектептің 10 сынып оқушысы Дулат Дендер, Абай атындағы мектеп-гимназияның 9 сынып оқушысы Жанесен Мұратова жүлделі орындарды иеленді. Жас ойыншылардың алғашқы үлкен жарыста осындай жетістікке қол жеткізуі әрине, қуантарлық жаңалық.

Бүгінгі таңда бұл ойынға тұрғындардың қызығушылығы басым. 6 – 16 жас аралығындағы оқушылар үшін аптасына үш рет қолайлы уақытта жаттығулар өткізіледі. Оларға шахмат туралы түсінік, ойынның шығу тарихы мен ережесі егжей-тегжейлі баяндалады. Әр шәкіртпен жекелей деңгейлік жұмыстар жүргізіледі. Өңірімізге танымал ардагер ойыншылар, Закир Таутекенов, Қазыбек Медеуов, Ерлан Құсайынов және басқалар жас буынмен жүздесіп, ойын тәжірибелерімен бөліседі. Ересектер де аптасына екі рет шаршы тақтада «шайқасады». Отау кітапханасы шахмат әдебиеттерімен толықтырылуда.

www.zhaikpress.kz

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале