4.03.2016, 11:27
Оқылды: 18

72 жыл көрмеген апасымен қауышты

Janibek 72 kormegen apasi   Жәнібек ауылының тұрғыны Қанат Неғметовтың енесі Махузия Қазмағамбетова жетпіс екі жыл бойы көрмеген апасын тапты. Редакцияға ат басын бұрып, қуанышты хабарды жеткізген Қанаттың сөзінше енесі он бес жылдан бері Алматы облысының Қапшағай қаласында тұрады. Махузия апай бұдан бұрын да, дәлірек айтқанда 2003 жылы Ақтөбе қаласында Марфуға атты өзінен екі жас үлкен апасы тұратынын үлкен кісілерден естіп, әдейілеп іздеп барып тапқан.


Биыл ол 80 жастағы Нәзира есімді ең үлкен апасын да тауып, қуанышқа кенеліп отыр. Алдында тауып, қауышқан ортаншы апасы сияқты бұл апасын да ол өмірі көрмеген екен. Естерін білмей жатып, жан-жаққа ажырап кеткен апалы-сіңілілерге бір-бірін көрудің реті де, сәті де түспейді. Өйткені, олар бір-бірінің өлі-тірісінен де, қай жерде тұратынынан да бейхабар еді.

               ...Бәрі де күтпеген жерден болды. Биылғы қыста аудан орталығында тұратын Сапуан Боранбайдың жұбайы Айжан сұрастырып жүріп Қанаттың отбасын тауып алады. Сөйтсе, олардың ұлы Нәзира апайдың немере қызына үйленген екен. Айжан өзінің келіні Перизатты ерте келіп, үй иелерімен танысады. Олардың айтуы бойынша Нәзира апай Жаңақала ауданының Мортық ауылында тұратын көрінеді.

                      -Қуанышты хабарды естігесін кездесуге асықтық. Үстіміздегі жылғы ақпан айының ортасында отбасыммен бірге енемді алып Оралға бардық. Алдын-ала уағдаласқан уақытқа сай Марфуға апайымыз да Ақтөбеден келіпті. Сөйтіп, ұзақ жылдар бір-бірін  көрмеген апалы-сіңілілер Жаңақаланың  Мортық ауылында қауышып, арқа-жарқа болды,-дейді Қанат өз сөзінде.

                      Иә, 72 жылдан соң бір-бірімен сағынаса көріскен апалы-сіңілілердің сол күнгі қуанышын сөзбен сипаттап айтып жеткізу қиын.

www.zhaikpress.kz

Н.Өтей

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале