16.02.2019, 10:23
Оқылды: 17

БҚО-да сүрілген үйлердің орнына жаңадан 7 үй салынуда

 Бұл туралы БҚО әкімі Алтай Көлгіновтің тұрғындар алдындағы есептік кездесуінде мәлім болды.

IMG_0976

-Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету басты мәселенің бірі.  Айта кетейін, бір отбасы үй алса, артынша үш отбасы тұрғын үй кезегіне қосылады. Былтыр облыста «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында 432 мың шаршы метрге тұрғын үй салынды. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 40 мың шаршы метрге артық. Жалпы өңірімізде соңғы 3 жылда 1 миллион шаршы метр тұрғын үй халық игілігіне пайдалануға берілді. Облыс бойынша салынып жатқан 3 500 пәтерлі тұрғын үйге 1000 отбасы қоныстанды, -дейді облыс әкімі.

Мұнымен қоса, апатты және тозығы жеткен тұрғын үйлерді жою бағытында қарқынды жұмыс жүруде. Облыста 132 апатты үй болса, оның 41-і Орал қаласында. Бүгінде апатты 11 үй сүріліп, орнына 7 жаңа үй салынуда. Есептік кезеңде 3 үй пайдалануға беріліп, 52 отбасы жаңа пәтерге ие болған.

Динара Насыр

суретке түсірген Темірболат Тоқмамбетов

© zhaikpress.kz

IMG_0790 IMG_0784

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парашамыздан және Telegram каналымыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале