22.04.2019, 11:10
Оқылды: 49

«Ақжайық» маусымдағы алғашқы жеңісін тойлады

Бірінші лиганың үшінші туры матчын «Ақжайық» «Ақтөбе-Жас» командасына қарсы өткізді.

IMG_3731

         Өз алаңындағы алғашқы матчы болған соң «Ақжайық» намысқа басты.
Әп дегеннен шабуылға ден қойған Авакянц шәкірттері қарсыласты тықсырды.
Қос қапталдан Ерболат Рүстемов пен Наурызбек Жагоров әлсін-әлсін ақтөбеліктер қорғанысын мазаласа, ортасында Мелло Корбеллини ойқастады.
Ал команда қорғанысына жауапты Бауыржан Омаров, Сергей Басов және Антон Куксин қарсылас шабуылын оңай тоқтатып отырды.

         Қызықты өткен матчта Даниил Кочнев пен Арман Смаилов бір-бірден гол соғып, «Ақжайық» маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

         Ойыннан соң журналистерге матч жайында ойын білдірген бас бапкердің міндетін атқарушы Артур Авакянц:

         - Ойын жүйесіне өзгертулер енгіздік. Бұрынғы бас бапкердің ойын мәнері бөлек болды. Қазір ойынымыз мүлдем бөлек. Барлық ойыншылардың мықты және осал тұстарын білгендіктен, ойынымызды сол жігіттердің ыңғайына қарай бұра ойнадық. Бір сөзбен айтқанда, негізгі күшті қорғанысқа жұмсап жатырмыз. Әрине, бұрынғы бапкердің еңбегін жоққа шығара алмаймын. Бірақ біз үшін маңыздысы алдағы ойындар. Команда ойыншылары да тез арада жаңа ойын жүйесіне үйренісуі керек.

         Ойын қызықты болды. 1-0 есебі өте сусымалы, кез келген қателік ұпайдан айырады. Біздің қақпа алдында мүмкіндіктер көп болмаса да, ойын соңына дейін шиеленіскен жағдайда өтті. Бір сөзбен айтар болсам, қорғанысқа көңілім толды. Шабуылдағы ойынымызды жөндеуіміз керек,-деп сөзін қорытындылады.

«Ақжайық» футбол клубының

 баспасөз қызметі,

суретке түсірген Айбатыр Нұраш

zhaikpress.kz

IMG_3621 IMG_3689 IMG_3695 IMG_3696 IMG_3709 IMG_3714 IMG_3715 IMG_3718 IMG_3719 IMG_3721 IMG_3731 IMG_3736 IMG_3747 IMG_3754 IMG_3756 IMG_3757 IMG_3765 IMG_3775 IMG_3777 IMG_3785 IMG_3789 IMG_3796

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале