27.05.2018, 21:05
Оқылды: 22

«Ақжайық» пен «Қайсар» тең ойнады

IMG-20180527-WA0032Футболдан ел чемпионатының ХХІІ турында Оралдың «Ақжайығы» П.Атоян атындағы стадионда Қызылорданың «Қайсарын» қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Батысқазақстандық клубтың бас бапкерінің міндетін атқарушы Артур Авакянц сәрсенбі күні «Астанамен» өткен ойындағы құрамға өзгеріс енгізе қойған жоқ. Дегенмен бұл жолы алаң иелеріне желпініс жетіспеді.

IMG-20180527-WA0030Матч барысында қонақтар көбірек шабуылдап, «Ақжайықтың» қақпасына жиірек қауіп төндірді. Сондай сәттердің бірінде қақпашы Сергей Ткачук сэйв жасай білді. Жалпы, осымен үшінші ойын қатарынан С.Ткачук өз қақпасын аман алып қалып отыр. Әрине, мұнда қорғаушылардың да үлесі бар.

Шабуылды ұйымдастыру кезінде «Ақжайық» ойыншылары дәл пас бере алмады. Тіпті өзіне қарсы тәртіп бұзылғаннан кейін Малик Мане айып добын қақпадан әлдеқайда жоғары тепті.

IMG-20180527-WA0027Екінші таймда Иван Антиповтың орнына шыққан, чемпионатта 8 голмен мергендер көшін бастап келе жатқан украиналық шабуылшы Адеринсола Хабиб Эсеола да жарқырай көріне алған жоқ. Бәлкім, оны бірден ойынға қосу керек пе еді, әйтеуір алаң иелері бұл кездесуде басымдылық таныта алмады. Қайта қызылордалықтар жеңістің ауылына бір табан жақын тұрды деуге болады.«Ақжайық» бұл турдан кейін 17 ұпаймен бесінші орында келеді.

IMG-20180527-WA0031Алдағы бейсенбі күні, 31 мамыр күні өтетін ХІІІ турда «Жетісу» - «Шахтер», «Тобыл» - «Қызылжар», «Ордабасы» - «Атырау», «Қайрат» - «Ақтөбе», «Ертіс» - «Ақжайық», «Қайсар» - «Астана» ойындары өтеді.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале