14.02.2019, 19:43
Оқылды: 53

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» БҚО медицина ұйымдарына 6 млрд. 384 млн. теңге төледі

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры» КеАҚ-ның Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы 2019 жылдың алғашқы айында халыққа тегін қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына 6 млрд 384 млн. теңге төледі. Қаржы кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті  (ТМККК) шеңберінде бөлінді.

pensions-for-health-workers«2019 жылдың 1 ақпандағы мәлімет бойынша, жеткізуші медициналық ұйымдарға кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті шеңберінде бекітілген келісімшарт сомасының 19 пайызын құрайды. Жұмыс кестеге сай жүріп жатыр. Бөлінген қаражат медицина мекемелерінің операциялық шығындарын өтеуге жеткілікті», - деді филиал директоры Нуржамал Жумагулова.

Қаржыны қайта бөліске салу үшін медицина ұйымдарының өкілдері Қорға өтінім жолдайды. Өтініш заңда белгіленген тәртіп бойынша қаралады.

Медициналық сақтандыру қоры емдеу мекемелерімен ТМККК пакеті шеңберінде халыққа тегін көмек көрсету жөнінде келісімшарттар бекіткен болатын. 2019 жылы бекітілген келісімшарттардың жалпы сомасы 32 млрд 360 млн. теңгені құрап отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 7 пайызға көп.

Биылғы жылы мемлекеттік тапсырысты 51 медицина ұйымы орындамақ. Оның 15-і – жеке меншік.

Естеріңізге сала кетсек, МСҚ 2018 жылдан бастап ТМККК және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакеттерінің қаржылық операторы болып табылады және халыққа көрсетілетін медициналық қызметтерді ҚР Үкіметі бекіткен тәртіп бойынша сатып алумен айналысады.

Медициналық сақтандыру  қорына түскен жарналар туралы айтар болсақ, Қазақстан Республикасы бойынша жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2019 жылдың 31 қаңтарына дейінгі аралықта жинақталған жарнаның жалпы сомасы 140,52 млрд теңгені құрады.

Батысқазақстандықтардың медициналық сақтандыру қорына аударған жарналарының сомасы 4 млрд. 392 млн. теңгені құрады.

Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген.

 

«ӘМСҚ» КеАҚ-ның БҚО бойынша филиалы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале