26.05.2020, 12:11
Оқылды: 153

Алматы облысындағы блокпостта қаза болған екі полицейдің бірі - батысқазақстандық

Алматы облысы аумағындағы блокпостта болған көлік апатынан екі полицей көз жұмғаны қазақстандықтарға кеше белгілі болды.

Алматы облысы Қарасай ауданы Көксай шағын ауданында 1992 жылғы А. есімді тұрғын «BMW» маркалы автокөлікпен Қожабеков көшесімен жүріп, Жаңа ғасыр көшесі қиылысындағы №4 блокпосты бұзып өтіп, алдымен бетон қоршауға соғылып, содан кейін инерциямен ішінде полиция қызметкерлері отырған патруль көлігіне соқтығысқан. Індетпен күрес кезінде қызмет бабында мерт болған ерлердің артында жары мен балалары қалды.

1E037DC3-5044-4D8B-AEBE-913D17C3A5B2

Қос полицейдің бірі құқық қорғау органдарында 2001 жылдан бастап қызмет етіп келген Жарас Сұлтанғазыұлы Жанғазиев 1978 жылы Батыс Қазақстан облысында туған.

EAA6CEAA-564E-4BF1-8923-217F8859B0FB

Ал полиция сержанты Дастан Маратжанұлы Әбдіканов 1994 жылы Алматы қаласында туған. Ол полицияда 2016 жылдан бері қызмет еткен.
Өкінішке орай үшінші полиция қызметкері ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр.
Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен блокпосттағы апат кезінде көз жұмған екі полиция қызметкеріне мемлекеттік наградалар тағайындалды.

B57CC29E-154B-4122-B43E-6720209C7603
Ішкі істер министрлігі Алматы қаласының Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторы Жарас Сұлтанғалиұлы Жанғазиев ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, Ішкі істер министрлігі Алматы қаласының Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің полицейі Дастан Маратжанұлы Абдықанов ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале