18.07.2019, 10:13
Оқылды: 165

Алматыда Ислам кооперациясының өкілдерімен кездесу өтті

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев Алматы қаласында Жеке секторды дамыту жөніндегі Ислам кооперациясының ТМД елдері үшін бас аймақтық менеджері Самир Тагиевпен кездесті.

Кездесу барысында ынтымақтастықтың басым бағыттары және экономиканың түрлі секторларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Өңір басшысы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік  пен стратегиялық инвесторларды тарту бойынша жобаларды ұсынды. Соның ішінде ауыл шаруашылығы үшін суару жүйесінің құрылысы, облыстың энергетикалық жүйесін дамыту, ірі және ұсақ мал терісін терең өңдеу бойынша жобасы бар.

Екіжақты өзара іс-қимыл аясында тараптар келесі кездесуде аталған жобаларды іске асыру перспективасына қатысты егжей-тегжейлі ақпарат дайындау туралы келісті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале