17.04.2017, 11:43
Оқылды: 42

«Ашық әкімдік» аудандарда да ұйымдастырылды

 Sirim ashik esik  15 сәуірде өңір басшысы Алтай Көлгіновтің тапсырмасымен «Ашық әкімдік» шарасы облыс орталығында үшінші рет, ал аудандарда алғаш рет ұйымдастырылды.

       Жаңақала ауданында ұйымдастырылған «Ашық әкімдік» шарасына қатысқан аудандық бөлімдер мен мекеме басшылары, құқық қорғау органдары басшылары - жалпы саны 21 мемлекеттік органдар мен мекемелердің мамандары тұрғындардың сауалдарына жауап берді.


     Қаратөбедегі қабылдауда жекелеген тұрғындар жұмыспен қамту және әлеуметік бағдарламалар, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлік және басқа да мәселелер жөніндегі толғандырған сауалдарын сала басшыларына қойып, толымды жауап алды.

     Қазталов ауданында қабылдауға келген 70-ке тарта тұрғын қысқа мерзімді оқу, "Өрлеу" бағдарламасы, тұрғын үй мәселесі және кәсіп ашу, тағы да басқа сұрақтарына жауап алды.

    Сырым ауданының орталығы Жымпиты ауылында өткен «Ашық әкімдік» шарасы аясында қабылдауға 8 тұрғын келді. Олардың мұңы мен мұқтажын, өтініші мен ұсынысын Сырым ауданының әкімі Абат Шыныбековтің өзі тыңдады. Түстен кейін «Ашық әкімдік» шарасы Өлеңті ауылында өтті.

   Жәнібек ауданындағы қабылдауға келген тұрғындар дүкендегі тауар бағасының қымбатшылығы, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында үй салу, «Алтын ұя» бөбекжайының алдына таңғы және кешкі мезгілде автокөліктердің көп жиналатыны, бруцеллез ауруына оң нәтиже берген малға берілетін өтемақы, орталық алаңдағы жүргіншілерге арналған айналмалы есіктерді ауыстыру мәселелерін тілге тиек етті.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале