4.05.2017, 17:07
Оқылды: 46

Батырлар жырын мәнерлеп оқудан байқау өтті

Бүгін Хамза  Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында Отан қорғаушылар күніне орай «Ерліктің жыры - елдіктің ескерткіші» атты батырлар жырын мәнерлеп оқудан байқау өтті. Байқауда қала мектептерінің ұл балалары батырлар жырларынан үзінді оқыды.      


Мәнерлеп оқудың нәтижесі бойынша, бас жүлдені қалалық № 33 орта мектебінің оқушысы Эрнест Қайыржанов иеленсе, I дәрежелі дипломмен қалалық №1 мектептің оқушысы Ерболат Нұрхан марапатталды.

Ал қалалық  № 20 мектептен барған Наурызбек Күзембаев пен № 30 мектебінің шәкірті Бекназар Берікқали екінші орыннан көрінді.  № 12 мектебінің оқушысы Мирас Дәрібай, № 37 мектебінен Нұршат Ғабдоллаев және Серебряков мектебінің оқушысы Жанұзак Өмірзақ үшінші орынды қанжығасына байлады.

Гүлсезім Бияшева

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале