21.05.2019, 10:33
Оқылды: 37

«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының» ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталық» ШЖҚ МКК-ы аудит қорытындысы

29.01.2019 жылғы  «Қазақстандық  Медициналық зертханалар қауымдастығы» ЗТБ Президентінің шағымы негізінде  Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының  ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталық" шаруашылық жүргізу құқындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынында 2016 жылдың 1 қаңтары 2018 жылдың 31 желтоқсаны аралығында  сәйкестік аудиті жүргізілді.

audit-

            Аудит қорытындысымен 3 198 603,8 мың тенге қаржылық сипаттағы бұзушылықтар анықталды, атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2007 жылғы 23 мамырдағы № 185 бұйрығымен бекітілген бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарының  60  тармағы бұзылып, Кәсіпорынмен  Батыс Қазақстан облысының ауруханаларымен емханаларына 2016 жылы өтеусіз  жіберілген дәрілік заттармен әртүрлі  медициналық бұйымдар 70410 шотына 975 657,1 мың тенге, 2017 жылы 1 144 230,9 мың тенге, 2018 жылы 1 078 715,8 мың тенгеге негіссіз сатылған өнімдердің  өзiндiк құнына қосылған.

            Осылайша, 2016,2017 жылдары Кәсіпорынмен  уәкілетті салалық орган- БҚО денсаулық басқармасына  қаржылық есептілік (бухгалтерлік теңгерім) 2 нысандағы «Пайда мен зияндар туралы есеп» 011 жол «сатылған тауармен қызметтертің өзіндік құны»  бөлігінде  бұрмаланып  жасалып,  ұсынылған.

            Кәсіпорынның бас есепшісі ҚР ӘҚБтК-тің 238 бабы 1 тармағы 3 тармақшасымен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, заңды тұлғаға ҚР ӘҚБтК-тің 239 бабы 1 тармағы 3 тармақшасымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, айыппұл сомасы толықтай жергілікті бюджетке өндірілді.

            Кәсіпорынмен аудит жүргізу уақытында  көрсетілген сома толықтай есептілікпен қалпына келтірілді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале