26.06.2018, 16:26
Оқылды: 27

Батыс Қазақстан облысының азаматтарына ҮНДЕУ

Батыс Қазақстан облысының азаматтарына

ҮНДЕУ

Күнделікті өмірде тіптен байқалмайтын, басым бөлігі мардымсыз және оңай шешімін табатын сан алуан даулар мен тартысты жағдайлар болып жатады. Көпшілігі тұрмыстық деңгейде өз бетімен шешімін тауып жатады, ал   кейбір дауларға пікіріне тараптар сенім білдіретін және объективті бағасын күтетін адамдар тартылады.  Бүкіл әлемде дауларды реттеудің кең танымал жолы медиация болып табылады. Дамыған елдердің статистикасының көрсетуінше, медиацияның барлық рәсімдерінің 83-85%  табысты болып келеді.

МЕДИАЦИЯ – екі жақты да қанағаттандыратын шешімді іздеу мақсатында делдалдың – медиатордың қатысуымен жанжалдасқан тараптар арасындағы келіссөздер.

Медиатор егер мүмкін болса, жанжалдың кез келген жағына көмектесуге міндетті. Адамдардың көпшілігі заңнан аттаған адамды жазалау қажет деп есептейді. Медиатордың миссиясы үлкен: қолдау көрсету, түсіну, кешірімге шақыруболып табылады.

«Медиация туралы» заңына сәйкес шағын және орта дәрежелі қылмыстар бойынша қылмыстық істер тараптардың келісімімен тоқтатылуы мүмкін. Және де бұл моралдық әрі материалдық қанағаттану алатын әр тарапқа да дұрыс жол болып табылады.

Медиация – қоғамдық келісім мен  азаматтық сәйкестікті нығайтудың әмбебап институты.

Медиатор – бұл жанжалды туғызған себепті - дөрекілік, әлсіздік, икемділіктің жоқтығын жоюға тиіс бітімгер.

Дау-жанжалдың өмірімізді және ұжымдағы қарым-қатынасты бұзуға жол бермеуіміз қажет. Дауды дамуымыздың қозғаушы күшіне, кәсіби және жеке бастың ілгерілеу мүмкіндігіне айналдыра білімуіміз керек. Дұрыс шешілген дау-жанжалдан соң, біз жақын досқа айналып, өнімді қызметкер, ұйымшыл ұжым бола аламыз.

Тарихымызда бар әділдік айтқан билер  институтымен салынған бабалар сара жолын қайта жаңғыртайық!

 

ҚҰРМЕТТІ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

ДАУ-ЖАНЖАЛДЫ МЕДИАЦИЯ АРҚЫЛЫ ШЕШІҢІЗДЕР!!!

Тез! Үнемді! Тиімді! Құпия!

 

Ақпарат алу үшін мына мекен жайға жолығуға болады: Орал қаласы, Астана ш/а 10 құрылым  «Достық үйі» ғимараты, тел: 87112244232.

 

Батыс Қазақстан

облысының әкімі                                                                        А. Көлгінов

 

Батыс Қазақстан облыстық

сотының төрағасы                                                                       Б.Әметов

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале