10.04.2019, 16:26
Оқылды: 44

Батысқазақстандық самбодан республика чемпионы атанды

 2019 жылдың 4-8 сәуір аралығында Семей қаласында самбодан және жауынгерлік самбодан кезекті республикалық чемпионат өтті.

ГУ Серик Картабаев 20190409_145155

Оған 500-ден астам спортшы қатысып, дода 9 салмақ дәрежесі бойынша өткен. Жарысқа облыстың ТЖД және өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері де қатыстып келді. Ал бағы жанған БҚО ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ азаматтық қорғау, аға лейтенанты Серік Қартабаев 68 кг дейінгі салмақ дәрежесінде республика чемпионы атанды.

Серік Сәлімғалиұлы күреспен айналысуды бала кезінен бастаған. Панкратион, грепплинг және жауынгерлік самбо сияқты спорт түрлерінен спорт шебері. Азаматтық қорғау органдарында он жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді. Тәлімгер, өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін 3 дәрежелі медалімен марапатталған. Аралас жекпе-жек жарыстарының бірнеше мәрте жүлдегері.

Айта кетейік, аталмыш чемпионаттың жүлдегерлері Азия және әлем чемпионатында еліміздің намысын қорғайтын болады.

Батыс Қазақстан облысы ТЖД-ның баспасөз қызметі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале