14.11.2018, 13:31
Оқылды: 87

Батысқазақстандықтар жалпыхалықтық диктант жазуға қатысты

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 ақпанындағы № 637 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 13 наурызындағы № 27 өкімімен бекітілген « Қазақ тілі әдебиетін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең - кезеңмен көшіру жөніндегі  іс -шаралар жоспарына» сәйкес  бүгін еліміз бойынша жалпыхалықтық диктант жазу шарасы өтті.  Латын әліпбиі негізінде жалпыхалықтық «Рухани жаңғыру» тақырыбында диктант жазуға  облыс аудандарының тұрғындары да белсене қатысты.

 serpin (1)

Қазталов ауданы Жалпақтал ауылында аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ғалия Ахметова диктант жазушыларға сәттілік тіледі. К.Меңдәлиев, Ғ.Молдашев атындағы мектепте 400-ге жуық ұстаз бен 15 жастан асқан оқушылар, денсаулық және спорт, әлеуметтік сала, мәдениет үйінің мамандары, мемлекеттік қызметкерлер және басқа да саланың мамандары жаппай диктант жазуға қатысты.

Сонымен қатар Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжінің 246-ға жуық қызметкері мен студенті де диктант жазды. Қорытындысы кешке таман шығатын болады.

Жәнібекте ауданның №1 мектеп-лицейінде, Т.Жароков пен А.Оразбаева атындағы мектебінде, М.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжінде және ауылдық округтердің барлық мектептерінде жалпыхалықтық диктант өтті. Оған шекара, медицина, мемлекеттік және білім саласының қызметкерлері мен тұрғындар барлығы 3800 адам қатысқан.

       Жалпыхалықтық диктант жазған 3 мыңға жуық шыңғырлаулық жаңа әліпбиді қаншалықты білетіндігін тексеріп көрді. Оның ішінде мемлекеттік қызметкерлер, студенттер мен оқушылар бар.

         Теректі ауданында өткен диктантқа барлығы 5594 адам келді. «Рухани жаңғыру» мақаласы туралы баяндалатын мәтін аудиожазба арқылы тыңдалды. Барлық жұмысты қазақ тілі мамандарынан құралған жұмыс тобы тексеріп, бағалайтын болады.

         Жаңа қазақ әліпбиін насихаттау, латын негізді қазақ әліпбиін прак­тикалық тұрғыда меңгеруден зеленовтықтар да қалыс қалмады. Диктантқа 15 жас­тан асқан барлық тұрғындар қаты­сты. Диктант аудан мектептері мен мәдени ошақтарда ұйымдастырылды.

janibek (3) qaztalov diktant (1) serpin (2) terekti (4) zelenov (2)

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале