3.07.2020, 15:24
Оқылды: 64

«Білім мен ғылымға бағыт алған ел ғана болашаққа жол таба алады»

Қазіргі жағдай, коронавирус індеті бірінші рет кездесіп отырған жоқ. Кешегі Ұлы Отан соғысы кезінде де, одан да бұрын оба, қызылша сияқты вирустық аурулар болды. Халқымыз індет кесапатынан небір замандарды бастан өткерді.

da80e791-6fd6-403a-97cb-cf02c9be04a6

Бүгінгі таңда коронавирустың белең алмауына әсер етуші фактордың бірі тазалықтың дұрыс жолға қойылуы үлкен сеп бола алады. Осы бағытта дәстүрімізде бар қағидаларды уақыт ағымымен санаса отырып, сәл-пәл түзетуге, өзгертуге тура келеді.

Біз осы уақытқа дейін «асты бес саусақпен жейміз» деп мақтанып келдік. Тазалықты сақтамадық. Той-топырдан бас тартудың орнына, жасырынып болса да қатысып келдік. Тіпті жерлеу рәсімдеріне де қатысқанымызды мақтанышпен айтатын «дәрежеге» жеттік.
Халқым, терең ойланайық! Жас ұрпақты, келешекті ойлайық!
Халық санын жоғалтып алмайық. Онсыз да аз ғана халықпыз.
«Үйде ішім пысты» демей, ғаламтор кеңістігін өз қажетімізге жарата біліп, игерейік! Ұрпағымызды ғылымға, техника тілін меңгеруге бағыттайық!
Білім мен ғылымға бағыт алған ел ғана болашаққа жол таба алады. Ертеңгі күніміз үшін бүгінге біз жауаптымыз, қадірлі ағайын!

 

Ақсерік Әйтімов,
ғалым
«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале